Құрметті клиенттер!
Құрметті клиенттер!
Қазақстан Республикасы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне қосылған толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін арттырылуына байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «ОТИС» компаниясы көрсететін қызметтер бойынша ай сайынғы абоненттік төлемақының мөлшері өзгереді.
Осыған байланысты, «Дабыл беру құралдарын бақылау қызметін қаруланған жедел әрекет ету тобының шығуымен қамтамасыз ете отырып көрсету туралы» Келісімшарттың (бұдан әрі – Келісімшарт) шарттарына сәйкес, жаңартылған тарифтермен компанияның ресми сайтынан (мобильді қосымша OTIS Security) және сізге бекітілген менеджерден, немесе төменде көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы толық ақпарат ала аласыз: +7 (727) 258-83-93; +7(727) 258-11-55.
Сондай-ақ, келісімшарт талаптарына сәйкес, «Қызметтерге тарифтер мен төлем сомалары қосымша келісімшарттарсыз біржақты тәртіппен өзгертілуі мүмкін» екенін еске саламыз.
Сонымен қатар, «ОТИС» ЖШС көрсетілетін қызметтердің сапасы мен шарттарының ашықтығын сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсауда.
Бізбен әріптестік қарым-қатынасыңыз үшін, түсіністік танытқаныңыз және бізге білдірген сеніміңіз үшін алғыс айтамыз.